• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Медициналық пойыздар сапарға шыққалы 333 мың дәрігерлік қабылдау өткізілді 18.09.2017

Білікті дәрігерлер Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әртүрлі жастағы 8 мың баланы медициналық тексеруден өткізді. Пойыз аялдаған станцияларда сәбилерге арналған балалар алаңдары мен аттракциондары орнатылды.

Қазіргі таңда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетуде. Қазірдің өзінде олар жеті станцияның тұрғындарының денсаулығын тексерді. «Денсаулық» пойызының дәрігерлері Оңтүстік Қазақстан облысының 16 шағын станциясының тұрғындарын дәрігерлік тексеруден өткізді.

Медициналық пойыздар алыс сапарға шыққалы бері 333 мың дәрігерлік қабылдау өткізді. Оның 214 мыңы диагностикалық емдеу сауықтыру шаралары, 700 шағын амбулаториялық  қызметтерін көрсетті.

Маммологтар 5 мың әйелді қараса, тіс дәрігерлеріне 14,8 мың тұрғын көмекке жүгінді.  Дәрігерлік бөлмелер сырқаттарды таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін демалыссыз қабылдайды. Дәрігерлердің қабылдауы, кеңесі, қызметі ақысыз жүргізіледі.


Back to the list