13.09.2017
Осы мақсатта Мәртөк ауылдық округінің аумағында Қазан ауылының маңынан марал өсіру үшін бір гектар жер бөлінді. Жануарлар қыркүйек айының соңында Шығыс Қазақстан облысынан сатып алынып, әкелінеді.
"Бүгінде марал өсіру үшін мал қора мен қоршау құрылысы жүргізілуде. Қазан ауылында сонымен қатар, пантомен емдеу емханасының құрылысына алаңы 1300 шаршы метр болатын жер учаскесі бөлінді. Қазіргі таңда екінші қабаты тұрғызылып жатыр. Кәсіпкер "Бизнестің жол картасы - 2020" кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ясында мемлекеттік қолдауға ие болды, атап айтқанда оған 150 млн теңге көлемінде пайыздық мөлшерлеме субсидияланды", - делінген хабарламада.