• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да жылына 200 млн таблетка шығаратын жаңа цех іске қосылды 11.09.2017

Польфарм компаниясы фармацевтикалық өнімдердің жаңа түрлерін жаңғырту және өндіру мақсатында «Химфарм» АҚ-ға 100 млн АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Қазіргі уақытта компания дәрі-дәрмектер өндірушілердің арасында жетекші орын алады және отандық дәрі-дәрмектер нарығының 40 пайызын, ал еліміздегі жалпы дәрі-дәрмектер нарығының 4 пайызын қамтиды.

Жаңа цех фармацевтикалық өнімдерге қойылатын GMP талаптарына сай салынған. Қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда 72 адам жұмыспен қамтылса, олардың басым бөлігі арнайы Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген. Шымкенттегі инвестициялық жобаның маңызды бөлігі болып табылатын аталмыш өндірістің құны 13,5 АҚШ долларын құрайды. 

Сондай-ақ, ҚР Үкіметі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен SANTO компаниясының өнімдерін сатып алу кепілдігі беріліп отыр.

"Бүгін біз қатты пероральды дәрілердің жаңа өндірісін іске қостық. Бұл 2011 жылдан бері ашылған, халықаралық GMP сапа стандартына сай келетін үшінші цех. Біздің дәрі-дәрмек Қазақстан мен көрші елдердегі амбулаториялар мен стационарлық емдеу мекемелерінде тиімді қолданылуда. SANTO-ның тұрақты және үдемелі дамуының тағы бір жобасын сәтті аяқтағанымызды мақтан тұтамыз", - деді компанияның бас директоры Ижи Урбанец.

«Химфарм» зауытының өндіріс қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фарамацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден астам дәрі-дәрмек бар. Компания өз өнімдерінің 90%-ын ішкі нарыққа жеткізсе, 10%-ын бес елге экспорттайды. Яғни, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия және Түрікменстан.

Айта кетейік, 2016 жылы Польша Республикасы мен ОҚО арасындағы тауар айналым 13,3 млн АҚШ долларын құраса, жыл басынан бері тауар айналым 8,5 млн АҚШ долларын құраған.


Back to the list