• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық хирургтар балалардың көмейінің тарылуын емдеу бойынша жаңа технологиялар меңгеруде 05.09.2017

Шеберлік класын өткізуге Италияның профессоры Роберто Пукседу тартылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандық дәрігерлерге инновациялық технологияларды енгізуде ғылыми-практикалық көмек көрсету.

Оның шеңберінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері профессор Роберто Пукседумен бірлесіп тыртық көмейінің тарылуына, созылмалы сиалоаденитке, лимфалық жүйенің туа біткен ақауына, лимфангиомаға шалдыққан, шетелде емделуге мұқтаж пациенттерге операция жасайды.

Шеберлік класс барысында отандық хирургтар Қазақстанда осы патологияға шалдыққан балаларды емдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды меңгеретін болады.

Бұрын осындай диагнозы бар балаларды шетелге емделуге жіберетін, онда мұндай операциялардың құны 25 мың евроға дейін жетеді. Қазақстанда оны тегін жасайды.

 


Back to the list