11.08.2017
Қазіргі кезде жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгеге 22 денсаулық сақтау нысананың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 7 нысан 976,2 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтуде.
Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестің 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының талаптарына сай атқарылған жұмыстар нәтижесінде өңірде биылғы жылдың бірінші жартысында сырқаттанушылық 6,6 %-ға төмендеген.
Өткен жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес қызметінде жүргізіліп жатқан интеграциялауға сәйкес 5 аудандық туберкулез ауруханасы Талдықорғандағы облыстық және Талғар аймақтық туберкулезге қарсы диспансерге біріктірілді.