• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысы   протондық терапияны дамытуға ниетті 02.08.2017

Қазақстанда теңдесі жоқ бұл жобаның алдын ала есептеу бойынша құны 60 млн. евро деп белгіленіп отыр.

IBA компаниясы қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық құрал-жабдықтарын шығарады, әрі протондық терапия  саласында әлем бойынша көшбасшы саналады.

Онкологияны емдеудің осы ультразаманауи тәсілін дамыта отырып және радиофармпрепараттар өндірісіне бағытталған шешімдер әзірлей отырып, IBA компаниясы онкологиялық орталықтарды жоғары сападағы қызметпен және құралдармен қамтамасыз етеді, озық үлгідегі кешенді шешімдер ұсынады.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бастаған жетісулық делегация Бельгияда болып, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуде озық үлгідегі құрал-жабдықтарды қолданып отырған алдыңғы қатарлы медициналық орталықтардың тәжірибесімен танысты.


Back to the list