• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі  дәрілік атаумен толықтырылды 19.07.2017

Тізбеде 48 ауру, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулар: артериалдық гипертензия,  асқазанның ойық жарасы, тыныс демікпесі,  қатерлі ісік аурулары, туберкулез, гематологиялық аурулар, гемобластоздар, аплазиялық анемия, балалардың церебралдық сал ауруы, псиxикалық аурулар, АИТВ инфекциясы.

Сондай-ақ, тізбе ауыр ауру ағымымен сипатталатын Бехтерев ауруымен толықтырылды.

Дәрілердің жаңа тізбесі тиімділігі дәлелденген 59 жаңа дәрімен толықтырылған 256 дәрілік заттардан, оның ішінде 385 дәрілік түрлерінен тұрады. Алдағы уақытта 2 млн-нан астам диспансерлік ауруды қамту көзделуде.

Ведомствода хабарлағандай, енгізілген өзгерістер мүгедектік деңгейін, әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлім-жітімнің көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған.

Аталған бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

 

 


Back to the list