• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да облыстық газеттің арнайы шығарылымы  МӘМС жүйесін түсіндіруге арналады 14.07.2017

Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, МӘМС жүйесі толық түсіндірілетін облыстық газеттің 500 мың дананы құрайтын арнайы шығарылымы Шығыс Қазақстанның әрбір елді мекенінде таратылатын болады. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аппараттық жиналыста осындай тапсырма берді.

«Халық жүргізіліп жатқан жұмыс туралы білуі тиіс, сондықтан міндетті медициналық сақтандыру аясында қандай жұмыстар, қашан және қалай жүргізіліп жатқанын әрбір отбасыға жеткізу керек. Бұл өте маңызды. Түсіндіру жұмыстары үстірт жүргізілмеуі тиіс», – деді Даниал Ахметов.

Жақын арада өңір тұрғындарының әрбір үйіне ақпарат таратылады. Экспресс-талдаудан кейін МӘМС жүйесінің жұмысын түсіндірудің екінші кезеңі басталады. 


Back to the list