• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық дәрігерлер халықаралық үлгідегі сертификаттарды  алды 05.07.2017

Республикалық бюджет қаражаты есебінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық авиация орталығы дәрігерлері және еліміздің медициналық ЖОО анестезиология және реаниматология кафедраларының оқутышылары 10 жаттықтырушы-нұсқаушы ретінде оқытылды. Мамандар «Magen david adom in Israel» - MDA Ұлттық жедел жәрдем орталығының базасында (Тель-Авив қаласы, Израиль) оқыды.

Бағдарлама шеңберінде олар «American Heart Association» стандарттары бойынша емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде және қабылдау орталығында жедел жәрдем көрсету алгоритмдерін оқыды. Сонымен қатар, нұсқаушылар  «MESER» оқу симуляциялық орталығының, «Tel Hashomer», «Bnei Zion»  госпиталінің және  «RAMBAM» жедел жәрдем медициналық орталығы бөлімшелерінің жұмыс тәжірибесімен танысты.

Келешекте даярланған жаттықтырушылар жоғарыда көрсетілген стандарттар бойынша жедел жәрдем көрсету станциясының және стационарлардың қабылдау орталықтарының дәрігерлерін және орта медицина қызметкерлерін оқытатын болады. Бұдан басқа, медициналық ЖОО оқытушылары арасынан іріктелген жаттықтырушылар болашақ дәрігерлерді, резиденттерді және қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының бағдарламаларына жедел жәрдем көрсету мамандарын даярлау бойынша халықаралық алгоритмдерін енгізетін болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем қызметін қайта жаңғырту шеңберінде аталған саланың мамандарының деңгейін арттыру іс-шараларын өткізіп жатқанын естеріңізге саламыз. Провайдерлерді және нұсқаушыларды даярлау  базалық реанимация (BLS), жүрек-өкпе реанимациясы (ACLS), балалар реанимациясы (PALS) және жарақат кезіндегі реанимация (PHTLS) халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 


Back to the list