• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Денсаулық сақтау нысандарына   қойылатын жаңартылған санитариялық қағидалар бекітілді 04.07.2017

Денсаулық сақтау министрлігі  хабарлағандай,  жаңа редакциясында денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін тосқауылдар болып табылатын нормалардың шамамен 30%-ы алып тасталды, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерде қайталанатын талаптар қысқартылды.

Бұл медициналық қалдықтарды тасымалдауға және залалсыздандыруға; медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеуге және дезинфекциялауға; денсаулық сақтау объектілеріне өндірістік бақылау жүргізу жағдайларына қойылатын талаптар. Сондай-ақ құрылысқа жер учаскелерін таңдауға, объектіні жобалауға, реконструкциялауға және қайта жабдықтауға, денсаулық сақтау объектілерінің жиынына, ауданына қойылатын, ҚНжҚ-да (құрылыс нормалары және қағидалары) қайталанатын талаптар алып тасталды.

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты гемодиализ, дерматология-косметология, пластикалық және эстетикалық хирургия сияқты көрсетілетін қызметтерге қосымша санитариялық талаптар әзірленді, сондай-ақ бұл талаптар оңалту орталықтарына да, оның ішінде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдарға да қатысты. Осы қағидалардың қабылдануы денсаулық сақтау саласында шағын бизнесті дамыту үшін әкімшілік тосқауылдарды жойып қана қоймай, халық үшін медициналық қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аталған санитариялық қағидалар санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауға, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға және персоналдың жұмыс орындарында оңтайлы гигиеналық жағдайларды және пациенттер үшін қауіпсіз жағдайларды жасауға бағытталған.

Айта кетейік,  санитариялық қағидалардың жобасы денсаулық сақтау ұйымдарымен, ғылыми мекемелермен, бизнес қоғамдастығымен, халықаралық сарапшылармен, аккредиттелген қауымдастықтар сарапшыларымен, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланғандығын естеріңізге саламыз. 

 


Back to the list