• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысында жаңа санитарлық автокөліктердің кілті табыс етілді 19.06.2017

Мереке аясында бұл автокөліктердің кілтін облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов облыс әкімінің атынан он денсаулық сақтау мекемесінің бас дәрігерлеріне табыс етті.

«Жалпы, өңірімізде мұндай санитарлық автокөлік 28 мекемеге беріліп, бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 211 миллион теңге қаражат бөлініпті. Ал облыстық денсаулық сақтау мекемелерін жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге биыл 2 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалыпты.Облыстағы 408 медициналық мекеменің 14-і жаңадан салынса, 12-сі күрделі жөндеуден өтіпті», - деді ол.

Жаңа санитарлық көліктің кілтін иеленіп, көңілі тасыған дәрігерлер өздерінің бір топ әріптестерімен бірге қалалық Мәдениет үйінің мәжіліс залына қарай беттеді. Мұнда медицина саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Жиын соңы облыс өнерпаздарының концертімен жалғасты.

 


Back to the list