• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы денсаулық саябағы ашылды 19.06.2017

Саябақ облыс орталығының  1,4 гектар алаңын алып отыр.

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қазіргі таңда облыстың денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызмет көрсетудің жаңа сапалы деңгейіне шығып, халық денсаулығын нығайтуда оң нәтижеге қол жеткізді. Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін материалдық-техникалық база, кадр әлеуеті секілді барлық жағдай жасалған. Медицина қоғамы күнделікті тәжірибеде Президент алға қойған басым міндеттерді шеше отыра, өкілетті министрлікпен тығыз өзара әрекет етіп, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда.

«Сіздердің  медициналық алдын-алу мәселесімен ғана айналыспай, сонымен қатар, өздеріңіз де салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық нысандарды құра отырып, тұрғындардың денсаулығын сақтап, ұзақ өмір сүруге құлшынысын арттыруға жасаған қадамдарыңыз құптарлық жағдай. Бүгін біз Денсаулық саябағының ашылуының куәсі болып отырмыз. Оның құрылысы бойынша барлық шығындарды Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының медицина қоғамы өз мойнына алды»,-деді облыс Бердібек Сапарбаев.

2016 жылы облыс әкімінің қаулысымен қазақстан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанованың атындағы сыйақы тағайындалған болатын. Бердібек Сапарбаев 7 номинация бойынша лауреат иегерлеріне төсбелгілер және 500 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етті. Сонымен қатар бес медицина өкіліне пәтер кілттері табысталды.

12 аудан мен бір ауылдық аурухана жедел жәрдем көлігіне ие болды.

Мәртебелі қонақтар ақтөбелік дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қиын да күрделі қызметтеріне сәттілік тіледі.       

45 медицина қызметкері Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.   

Денсаулық саябағы аумағында 1500 аса тал мен ағаштар отырғызылып, воркаут алаңдар, велосипедпен жүретін жол, футбол ойнау алаңдары, үстел теннисі, субұрқақтар орнатылды.

Өңірдегі медицина қоғамынан құрылысшы, эколог, спортшы, төтенше жаңдайлар департаментінің қызметкерлері сынды өзге сала өкілдері де үлгі алуда. Қаланы көркейтіп, жасыл қорды толтыратын және қалалықтардың демалыс орнына айналатын 34 саябақ пен аллеяны облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер, сонымен қатар ірі ұйымдар мен кәсіпорындар секілді мемлекеттік мекемелер өз күштерімен салады.

 

 


Back to the list