16.06.2017
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, өңірде 2012 жылы санитарлық көлікпен қамтамасыз ету 76 пайызды құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткен.
Атап өтер болсақ, жылдың соңына дейін қосымша 19 жедел жәрдем көлігі мен 10 реаномобиль беріледі.
«Медицина саласы қызметкерлерінің еңбегінің арқасында материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бүгінгі таңда өңірде денсаулық сақтау саласында екі мыңнан астам және орта буында алты мыңға жуық адам істейді. Олардың әрқайсысына және осы саланың дамуына өз үлестерін қосқан ардагерлерге ерекше алғыс білдіргім келеді», - , - деді Болат Бақауов.
Атаулы мереке күні ерекше еңбегімен бағаланған қызметкерлерге «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісі мен облыс әкімінің атынан құрмет грамоталары, алғыс хаттар табысталды. Медицина саласының ардагерлері «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.