• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордада   150 партиялық донорлар қатарына қосылды (ФОТО) 16.06.2017

«Бірлік» партиясы хабарлағандай,  дәстүр бойынша «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының партия мүшелері ұйымдастырып, жыл сайын өткізілетін «Бір тамшы қан-сақталған өмір!» акциясына 150 ге жуық партия мүшесі белсене қатысты.

Қайырымдылық акциясына қатысушылар қатарында Республикамыздағы танымал тұлғалар - шығыстанушы, дінтанушы Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Astana-Opera» балетінің жетекші солисті Таир Гатауов және Тай боксы, муай - тайдан екі дүркін Әлем чемпионы Николай Самусев қатысты.

«Дәл осындай акцияларға жыл сайын белсенді түрде қатысу дәстүрге айналғандай», - деді  «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов.

«ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» РМК бірлесіп төрт жыл қатар жүргізілген жұмыстың жемісті нәтижесі – ерікті түрде мыңға жуық адам қан тапсырған. Жыл сайын көбейіп отырған көрсеткіш елордамыздың азаматтарының парасатты және жағдайға немқұрайлы қарамайтындықтарын дәлелдейді. Қан тапсырушылар қатарын жастар құрайтыны қуантады, себебі, қан тапсыру-мейрімділік актісі болып саналады» - деп айтып өтті Ш.Кожахметов.

Айта кету қажет, қайырымдылық акциясының мақсаты ерікті қан тапсыруға қоғамның назарын аудару болып табылады.

14 маусымда Халықаралық  донор күні аталып өтті. 


Back to the list