• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Денсаулық» медициналық пойыздары елімізді аралауын жалғастыруда 31.05.2017

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысының Новоустькаменогорск станциясында жалғастыратын болады. 2017 жылғы 6 қарашаға дейінгі уақытта «Саламатты Қазақстан» дәрігерлері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы 97 станцияны қамтиды деп жоспарлануда.

 «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері қабылдауды Атырау облысының Нарын станциясынан бастап жалғастырады.

Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 21 желтоқсанға дейінгі уақытта Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл, Алматы облыстарының 113 станциясын қамтиды деп жоспарлануда.

2010 жылы жұмысын бастаған медициналық пойыздар медициналық көмек дамымаған шағын станциялар мен жол айрықтарына жақын орналасқан елді мекендердің азаматтарына дәстүрлі түрде қызмет көрсетеді. Медициналық пойызддарда облыстық көлемдегі клиникалар деңгейіндегі жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

 Пойыздардағы медициналық қызметкерлер станциядан ондаған шақырым жерде төсек тартып жатқан пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетуге бірнеше рет шыққан.

«Денсаулық пойызы» жобасы шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына сапалы медициналық көмектің жоғары стандарттарын жеткізуге мүмкіндік береді.


Back to the list