24.05.2017
Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Биылғы жылдың маусым айында imPACT миссиясынан ұсыныс қабылдау жоспарланған, оған сәйкес онкологиялық қызметті дамытудың стратегиялық жоспары әзірленеді.
Онколог дәрігерлердің жұмысын күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, скринингтік бағдарламалар өзектілендіріледі. МЖӘ аясында сәуле терапиясы аппараттары бойынша жобалар жүзеге асырылады.
Айта кетерлігі, Қазақстанда 2012-2015 жылдар аралығында Онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, 2008 жылы жатырдағы қатерлі ісік бойынша цитологиялық скрининг енгізілді. 2013 жылдан бастап Ұлттық скринингтік бағдарлама кезеңдік түрде кеңейтілді.
Айта кетейік, imPACT МАГАТЭ Миссиясы 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Аталмыш бағдарлама сыртқы сарапшылар мен сарапшылар тобы жүргізетін МАГАТЭ imPACT немесе «Кешендік миссияларды» қамтиды.