17.05.2017
Бүгінгі таңда елорда әкімдігінің басым бағыттарының бірі өскелең ұрпақ және ұлт денсаулығының негізгі кепілі - көпшілік спортты дамыту болып табылады.
Қаланың даму бағдарламасында 2020 жылға дейін спортпен шұғылданушылардың санын 30%-ға дейін жеткізу бойынша Елбасының тапсырмасы негізге алынған.
Әкімдіктің ресми ақпаратына сәйкес, 2016 жылы Астанада қала тұрғындары мен қонақтары арасында 567 көпшілік-спорттық шаралар өткізілген.
Аптасына үш рет жүйелі түрде, спорттың жан-жақты түрімен 240 340 қала тұрғыны немесе жалпы азаматтар санының 24% -ы айналысады.
Қала билігі спорттық объектілердің қолжетімді болуына және оқушылар мен жастардың спортпен шұғылдануына зор көңіл бөлуде.
Сонымен қоса, 14 мамырдан бастап Астана алаңдарында Fitness Park Astana жобасы бастау алды. Спорттық шара аясында әр жексенбі сайын жоғары мамандандырылған фитнес-жаттықтырушылар қала тұрғындарына арнайы жаттығулар өткізеді.
Қала халқына орталық саябақта заманауи стильдегі кроссфит, йога, бразилиялық джиу-джитсу және зумба билері бойынша жаттығулар өткізілмек.
Бүгінгі күні қала билігі көпшілік спортты дамытуға баса назар аударуда.