• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордада ашық аспан астында жаттығулар жасау маусымы басталды 13.05.2017

Аталған шара «Outdoor Sport Area» форматында өтеді. Демек, жаппай жаттығулар ашық аспан астында жасалады.Астананың үздік спорт жаттықтырушылары тегін жаттығуларды 5 бағыт бойынша жүргізеді: Cross-Fit, Бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, Combat-battle және Йога. Бірінші жаттығу Астаналық саябақта өтеді.

Басқарманың мәліметін бойынша, 21 мамырдан бастап «Жерұйық» саябағында CrossFit элементтерімен бір сағаттық жаттығу өткізіледі. Бұдан басқа, Zumba және дәстүрлі джиу-джитсу жаттығуларына қатысуға болады. «Студенттік» саябақта аталған бағыттардан басқа тай боксынан жаттығулар ұйымдастырылады.

Сонымен, ашық аспан астындағы жаттығулар жаз бойы «Астаналық», «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарында әр жексенбі сайын өтеді. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға және дене шынықтырумен айналысуға тартуға бағытталған «Fitness Park Astana» спорттық-бұқаралық шарасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.


Back to the list