10.05.2017
Денсаулық пойызы 2017 жылғы 20 сәуірден бастап Маңғыстау облысының аумағын аралауда. Кестеге сәйкес, ағымдағы жылғы мамыр айының соңына дейін «Денсаулық» пойызы баратын теміржол бойында орналасқан елді мекенде білікті медициналық көмек көрсетуді жоспарлауда. Қазіргі таңда «Денсаулық» пойызы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Ералы станциясына келді.
2017 жылғы 20 сәуірінен және 7 мамыры аралығында «Денсаулық» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Маңғыстау облысының Тұрыш, Сам, Бейнеу, Ақжігіт, Үстірт, Сай Өтес, 10 разъезд, Шетпе бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.
Сонымен, барлығы 2990 адам көрінді, оның ішінде 2124 балалар. Тұрыш бойынша барлығы көрінгендер 259 адамды, Сам станциясында көрінгендер -175 адамды, Бейнеу - 833, Ақжігіт - 523, Үстірт - 327, Сай Өтес - 375, 10 разъезд - 87, Шетпе – 411 құрады.
ТЖ комитетінен хабарлағандай, пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған және ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті медициналық кадрлары, атап айтқанда 18-ден астам дәрігер мамандары қызмет көрсетеді.
Елімізді аралап жүрген медициналық пойыздар интернет және телефон жүйесінің бөлінген арналары бар, республикамыздың және ТМД жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен on-line режимінде науқастарға консультация беруге арналған телемедициналық жабдықпен жарақталған.