10.05.2017
ҚР Денсаулық сақтау минимстрлігінің мәліметі бойынша, Ұлттық профилактикалық егулердің күнтізбесіне сәйкес әрбір бала өмірдің бірінші жылында осы вакцинаның екі дозасын алады.
Айта кетерлік жайт, әлеуетті өнім берушілермен препаратқа бағаны төмендету туралы келіссөздердің арқасында Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-ы ел бюджетің 3 миллиард 700 миллион теңгені үнемдеді және ең бастысы, қазақстандық балаларды жоғары сапалы еуропалық вакциналармен қамтамасыз етті.
«Бүкіл әлемде иммунопрофилактика жұқпалы ауруларға қарсы күресте неғұрлым тиімді және қолжетімді құралы ретінде танылды. Қазақстанда жыл сайын халықты вакцинациямен қамту 95% және одан жоғары құрайтын жоғары көрсеткішке қол жеткізіледі. Халықты иммундау бойынша жүргізілген көпжылдық жұмысы халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықты біршама төмендетуге мүмкіндік берді және осы көрсеткіш бойынша Республиканы ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарлы орындардың біріне шығарады», - деп хабарлады министрліктен.