• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ҚК жиындарында әскери медицинаны дамыту перспективалары талқыланды 10.04.2017

Медицина мамандары Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-медициналық қызметіннің алдағы 5 жылға арналған перспективалары мен даму жолдарын талқылады, сондай-ақ 2016 жылғы және 2017 жылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындыларын жасады.

Жиынға қатысу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлттық ұлан және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті медициналық қызметтерінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері шақырылды.

Айтып өтілгендей, Қарулы күштердегі әскери медицина саласы жылдан жылға сапалы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Әскери дәрігерлер жаңа технологиялар мен емдеу әдістемелерін зерттеп, оларды практикада қолданады.

Барлық емдеу мекемелерінде әр түрлі аурулар кезіндегі тексеру алгоритмдері әзірленген, бұл нақты диагноздар қоюды жылдамдатады және күрделі ауруларды ерте кезеңдерде диагностикалауға, дұрыс емдеуге және дұрыс сараптамалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 


Back to the list