07.04.2017
ДДҰ құрылған күні жыл сайын 7 сәуірде аталып өтетін Дүниежүзілік денсаулық күні әлемдегі адамдарды толғандыратын денсаулық сақтау саласына байланысты өзекті мәселелерді қозғауға және оларды шешу жолдарын шешуге мүмкіндік береді. 2017 жылғы ДДҰ жариялаған Дүниежүзілік денсаулық күнінің ұраны: «Депрессия: кел, сөйлесейік» («Depression: Let's talk»).
Депрессия – үнемі уайымға түсіп жүруді және әдетте қанағаттандыратын іс-әрекет түріне қызығушылықты жоғалтуды, сондай-ақ кемінде екі апта бойы күнделікті істерді орындай алмауды сипаттайтын ауру. Депрессиядан зардап шегетін адамдарда келесі белгілер байқалады: қуаттың жетіспеуі, тәбеттің төмендеуі, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, алаңдау, зейіннің төмендеуі, батылсыздық, мазасыздық, өзін мүсәпір, кінәлі немесе шарасыз сезіну, сондай-ақ өзіне зиян келтіру немесе өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлау.
Депрессия әлеуметтік, психологиялық және биологиялық факторлардың нәтижесінде дамиды. Қандай да бір жағымсыз оқиғаны (жұмыстан шығу, жақын адамынан айырылу, психологиялық жарақат алу және т.б.) басынан өткізген адамдарда депрессияның даму мүмкіндігі жоғары. Депрессия мен деннің саулығының өзара байланысы бар. Мысалы, жүрек-қантамыр аурулары депрессияның дамуына алып келуі мүмкін.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында психикалық денсаулықты сақтау мен күшейтудің, психикалық бұзылулардың таралуын азайтудың маңызы туралы халықтың ақпараттылығын арттыру мақсатында бейінді мамандардың тегін кеңес берулері ұйымдастырылады. Сонымен қатар МСАК ұйымдарында депрессияның белгілері байқалған пациенттермен, сондай-ақ депрессияның алдын алу және психикалық денсаулықты күшейту үшін көмекті қажет ететін адамдармен әңгімелесу жоспарлануда.
Бейінді денсаулық мектептерінде психикалық денсаулықты сақтау, отбасында жағымды психикалық ортаны құру бойынша сабақтар, сонымен қатар депрессияның алдын алу, жастармен, жасөспірімдермен, созылмалы жұқпалы емес аурулары бар пациенттермен тиімді қарым-қатынасты арттыру үшін қарым-қатынас дағдыларын жақсарту бойынша семинарлар өтеді.