03.04.2017
1950 жылдың 7 сәуірінен бастап жыл сайын Дүниежүзілік Денсаулық күні аталып өтеді. 1948 жылы осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған болатын. Содан бері әлемнің 200-ге жуық мемлекеті аталмыш ұйымға мүше болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Қазақстан Республикасы 1992 жылы 19 тамызда 180-ші мүше мемлекет ретінде қосылды.
«Қазақстан Алматыда 1978 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша өткен ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің халықаралық конференциясында әлемдік қоғамдық денсаулық сақтау деңгейінде мойындалып, дүниежүзіндегі денсаулық сақтаудың дамуына елеулі әсерін тигізді», – деп атап өтті М. Жұманбай.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау министрлігі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылықтарының қатысуымен емханаларға бекіту шарасының басталуына арналған брифинг өткізу жоспарлануда.