• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан алғаш  рет конькимен мәнерлеп сырғанаудан  Олимпиада ойындарына екі лицензия ұтып алды 03.04.2017

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаеваны Финляндия елінің Хельсинки қаласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады.

 «Әлем чемпионатындағы жетістігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасы тарихында Олимпиада ойындарына конькимен мәнерлеп сырғанауда екі лицензияға қол жеткізді. Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер арасындағы конькимен мәнерлеп сырғанауға деген қызығушылыққа өзіңіздің қосып отырған үлесіңіз зор!  Бұл ғаламат үлкен жеңіс нағыз қайсарлы қазақ қызының биік белесі, Әлемнің күшті спортшыларының лайықты бәсекесі деп білемін», - деп жазылған ведомство басшысының құттықтауында.

Элизабет Тұрсынбаеваға жолдаған жеделхатында министр спортшыға алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, әлемдік спорттың шыңдарына шыға беруіңе тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада ол 10-шы орын алса, еркін бағдарламада 8-ші орынды иеленді. Элизабет Тұрсынбаева қыздар арасындағы жекелей сын бойынша алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр.Қазақстанды  алғаш рет Олимпиада ойындарда екі жеке мәнерлеп сырғанаушы таныстырмақ. Осыған дейін Қазақстанды   жұппен сырғанауда (Марина Халтурина и Андрей Крюков – 1998), ерлер арасында жеке  мәнерлеп  сырғанауда (Юрий Литвинов – 1998, Денис Тен и Абзал Рахимгалиев – 2010, 2014) таныстырған болатын. 


Back to the list