• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік басталды 01.04.2017

Шараның мақсаты – дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде халықтың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың сауаттылығын арттыру, оқу орындарында оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету болып табылады.

Дұрыс тамақтану – бұл адамға қажет барлық заттарды қамтитын жақсы сәйкестендірілген тағам.  Тұрақты дене жүктемесімен үйлесіп ол жақсы денсаулықтың негізін құрайды. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің төмендеуіне, физикалық және психикалық дамудың бұзылуына, сондай-ақ өмірлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.

Осыған байланысты, онкүндік аясында республиканың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында бейінді мамандарды, диетологтарды тартумен, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында оқушылар, ата-аналар үшін консультациялар ұйымдастырылуымен ашық есік күндері өтеді. Іс-шаралар барысында қант деңгейін және қандағы холестеринді, Кетле индексін анықтауға болады. Дұрыс тамақтану мәселелеріне арналған тренингтер және әңгімелер өткізумен денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылмақ.

Профилактикалық шаралардың негізгі құрамдас бөлігі – жасөспірімдердің денсаулық деңгейіне мониторинг жасау және медициналық көмек көрсетуді жақсарту, мектепте және отбасында тәуекелдерді алдын-алу  тетіктерін енгізу үшін жағдай жасау.

Онкүндікті өткізу – халықтың дұрыс және рационалды тамақтануы туралы сауаттылығын арттырып, оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді. 

 


Back to the list