17.03.2017
Қазақстанның спорт қауымдастығын осы айтулы оқиғамен құттықтауға 15 ұлттық олимпиадалық комитеттің президенттері мен өкілдері келді.
Кеште егемендігіміздің 25 жылы ішінде қазақстандықтарды өз жеңістерімен қуантып келген отандық спортшыларымызға, спорт ардагерлері мен еңбегі сіңген қайраткерлеріне назар аударылды.
Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Олимпиадалық хартияға сәйкес олимпиада қозғалысын дамыту және қорғау, сондай-ақ олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету мақсатында 1990 жылы құрылған болатын.
Қайрат Жандыбаев