• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті 25 жылдық мерейтойын атап өтуде 11.03.2017

ҚР ҰОК 25 жылдығына арналған іс-шараға Олимпиада ойындарының, әлем чимпионаттарының және жоғары деңгейдегі басқа да халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері, сондай-ақ Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды. Салтанатты шараға ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылары да қатысты. 

Тәуелсіз Қазақстанның Олимпиадалық қозғалыстары мен спортты дамытудағы ардагерлердің ерекше қызметі үшін Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мерейтойлық медальдары табыс етілді. 

«Қазақстандық спорттың өзіндік тарихы мен тамаша дәстүрлері бар. Біз спортшыларымыздың халықаралық аренада қол жеткізген барлық жеңістерін мақтанышпен еске аламыз. Бүгінгі еліміздің ұлттық олимпиадалық ведомствосының құрылғанына 25 жыл толу мерейтойын атап өтетін, жас ұрпақты одан да жоғары жетістіктерге шабыттандыратын ардагерлеріміз осы дәстүрлердің негізін қалаған еді. Оған Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқан олимпиадалық спортты дамытудың тұжырымдамалық жаңа тәсілі де ықпал етеді. Қазірдің өзінде Қазақстанның спорт саласының одан да тиімді жұмыс істеуінің іргетасы қаланып отыр", - деді Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин. 

ҰОК-те Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығын тойлау Астанада жалғасып, 17 наурызда әлемдік Олимпиадалық қозғалыс және спорт көшбасшылары мен қонақтарының, Қазақстанның еңбегі сіңген спорт қайраткерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтетіні атап өтілді.


Back to the list