• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2017 жылы 1662 ақмолалық санаторийге жолдама алмақ 08.03.2017

2017 жылы облыстық бюджет есебінен санаторий-курорттық емделуге 1662 адам, соның ішінде 27 мүгедек бала жіберілетін болады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 565 адамға артық. 

Өткен 2016 жылы облыстық бюджет есебінен санаторий-курорттық емделуге 1097 мүгедек, соның ішінде 20 мүгедек бала жіберілген болатын. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуге жолдама беру арқылы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 

Бұдан бөлек, жергілікті бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге 479 адам жіберілген, олардың арасында ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, жауынгер-интернационалистер де бар. 


Back to the list