07.03.2017
Мәслихат депутаттары 5,9 млрд теңгені Алматыны 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының маңызды бөлігі – денсаулық сақтау саласына бағыттап отыр.
Түркісіб және Наурызбай аудандарында жедел медициналық көмек пен консультативтік-диагоностикалық педиатрия орталығының 2 станциясы салынады. Бұл мақсатқа 2,7 млрд теңге бөлу қарастырылған.
«Деннсаулық сақтау саласына -5,9 млрд теңге: 2,8 млрд теңге 376 медицина қондырғысының бірлігін сатып алу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қосымша 811,2 млн теңге – медициналық ұйымдарға 3 мың компьютер сатып алу үшін, 963 млн теңге – жедел жәрдем көлігінің 32 автокөлігін алу қарастырылған. 1 млрд теңге 122 науқасқа әр түрлі дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінді», - деді Алматы қаласының бюджеттік жоспарлау және экономика басқармасының жетекшісі Мақсат Кикимов.
Айта кетейік, әлеуметтік аз қамтылған халық тармағы да қаржыландырылады. Оларға 1,4 млрд теге бөлінеді. Оның 20 млн теңгесі I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арба сатып алу үшін бөлінеді, 500 млн теңгесі 2,5 мың алушыға сурдо-тифлотехникалық заттарды алуға бағыттылады.