• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға бағаның өсуін ұстап тұру бойынша шараларды белсенді түрде енгізуде 03.03.2017

Оның айтуы бойынша, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға бағаны реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, 2014 жылдан бастап баға белгілеуді жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 

«Дәрілік заттарға бағаны реттеу өндіруші деңгейінде бақылаудың, көтерме және бөлшек сауда бағаларын бақылаудың әр түрлі тетіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда министрлік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға ғана бағаны мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады», - деді Л. Пак.

Ол айтып өткендей, 2015 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алынатын препараттарға ғана дәрілік заттарға жұмсалатын мемлекеттік шығынның өсуін ұстап тұру бойынша тиімді тетіктер енгізілуде.  

«2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде дәрілік заттардың саудалық атауының 7 713 позициясы тіркелген, оның ішінде 4 083 саудалық атауы ғана немесе дәрілердің тіркелген саудалық атауларының жалпы санының 54 пайызы мемлекеттік тіркеуге жатқан. Қалған позициялар - 3 530 саудалық атауы мемлекеттік реттеуге жатпайды. Бұл - 46 %», - деді Лариса Пак.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі норманы заңнама түрінде бекіту үшін министрлікке «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне және Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізу қажет.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерге жоғары бағамен күрес жүргізу бойынша белгілі бір шаралар қабылданған.   

«2018 жылдан бастап рецептілерді жазып берудің автоматтандырылған жүйесін енгізу қажет. Баға белгілеу жүйесін автоматтандыру және бағалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ баға тіркеу рәсімін мемлекеттік қызметке ауыстыру қажет. Халықты бекітілген шекті бағалар туралы хабардар ету. Барлық қажетті ақпаратты көрінетін жерлерде орналастыруға, тұтынушылар үшін қажетті ақпарат орналастыру қажет болатын дәрі-дәрмектердің бірыңғай сайтын құруға дәріханаларды міндеттеу қажет», - деді Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Ақбота Күзекбай


Back to the list