• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдауы қажет – Біртанов 03.03.2017

Бүгінгі күні министрлік денсаулық сақтау саласын жаңғырту үшін бес негізгі бастаманы алға қойды. Бастамаларды орындаудың маңызды міндеттерінің бірі медициналық мекемелерде озық технологияларды енгізу болып табылады. 

«Біз халықаралық және отандық IT-компаниялармен бірқатар кездесулер өткіздік, олар бүгінде денсаулық сақтау жүйесіне өздерінің технологиялық шешімдерімен кіруге дайын. Олардың кейбіреулері бүгіннің өзінде айтарлықтай белсенді түрде енгізіліп жатыр», - деп атап өтті министр.

Оның айтуы бойынша, министрлік МЖӘ негізінде денсаулық сақтау саласын жылдам цифрлендіруді барынша дамыту үшін жағдайлар жасауы тиіс.

«Осыған орай, әріптестеріме, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық ұйымдардың басшыларына цифрлық технологияларды енгізу үшін барлық шараларды қабылдауды ұсынамын. Бірінші кезекте, олар пациенттің қолайлылығына, денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді алуға бағдарлануы тиіс. Екінші кезекте, олар медицина қызметкерлері үшін қолайлы жұмыс жағдайларын жасауы, артық қағаз жұмыстарынан босатуы, біздің жұмысымызды ашық әрі нәтижеге бағдарланған етуі тиіс», - деп қорытындылады Біртанов.

Ақбота Күзекбай


Back to the list