27.02.2017
Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, конькимен үйренуді қалаған адамдардың саны 1500 адамға жетті. Оның ішінде балалар, жасөспірімдер және егде жастағы адамдар бар.
Қалың қарға қарамастан «Медеуге» 4 мың адам келді. Қатысушылар үшін арнайы концерттік бағдарлама мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды.
«Шарада мерекелік көңіл-күй болды. Акциялар да ыңғайлы. Мен құрбыммен коньки тебуге келген болатынбыз, коньки теуіп үйрететін шеберлердің ортасынан шыға келдік. «Спорттық Алматыға» осындай шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Бүгін менің нұсқаушымның көмегімен коньки ұтып алдым. Конькимен жүріп-тұруды меңгердім. Енді Медеуге жиі келіп, сырғанайтын боламын», - деді байқау жеңімпазы Эмиль Әлібеков.
Айта кетейік, аталмыш акция кешкі уақытта да жұмыс істейді. Акция ұзақтығы – 20 наурыз. Жаңадан келген қатысушылармен 300 кәсіби нұсқаушы жұмыс істейтін болады.
«Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.