13.02.2017
«Елбасы өзінің биылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру, дәрілік заттардың бағасын реттеу сынды бірқатар міндеттер қойды. Сондықтан біз кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолға алып, дайындық жұмыстарын жүргізуіміз қажет», - деп атап айтты А.Цой.
«МӘМС жүйесін енгізу кезінде денсаулық сақтау саласы бәсекелестік ортаға енеді, бұл көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көздейді. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру алгоритмдері мен клиникалық хаттамаларын енгізу, медициналық қызмет көрсету мақсатында денсаулық сақтау саласының субъектілері арасында байқау өткізу, медициналық қызметтерді аккредиттеу – медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етпек», - деді вице-министр.
Дөңгелек стол қатысушылары МӘМС-ті енгізудің маңызды мәселелеріне тоқталып, оның жүзеге асыру кезеңдерін, үшінші ақпараттық-түсіндіру кезеңінің басындағы заңнамаға енгізілетін түзетулерге, мақсатты аудиториямен жұмыс мәселелерін талқылады.
«МӘМС-ті енгізу қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, сапалы медициналық көмекті қолжетімді етуге, оны халықтың сұранысына сай етуге, амбулаторлық деңгейде дәрімен қамтамасыз етудің аясын кеңейтуге, денсаулық сақтау жүйесіндегі бейресми төлемдер көлемін азайтуға мүмкіндік береді», - деді А.Цой.