10.02.2017
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аумағы 980 шаршы метрді құрайтын кешенде фитнес және грек-рим күрес залдары бар. Жобаның құны – 135 млн. теңге.
Секцияларға қатысу құны 3 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін болмақ. Жұмыс уақыты таңертеңгі 8-ден кешкі 23.00-ге дейін. Қазіргі уақытта 15 адам жұмысқа алынды, фитнес және грек-рим күресінен бапкерлер бар. Алдағы уақытта бокс пен қазақша күрес секцияларын ашуды жоспарлап отырмыз.
Бүгінгі таңда кешенге 80 адам жазылды. Біз бұл жобаны өз күшімізбен жүзеге асырдық, келешекте мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі деп сенеміз, - дейді спорт кешенінің директоры Асқарбек Исаев.
Бұл жерде күніне 6 жас пен 25 жас аралығындағы 150-200 шақты адамға спортпен айналысуға болады. Спорт кешенінде жуынатын, қыз балалар мен ұл балаларға арналған шешінетін бөлме көзделген.
«Елбасымыз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айқын басымдық береді. Өйткені бұқаралық спорт адамзатты салауаттылыққа, бірлікке шақырады. Оның ішінде, жаппай дене шынықтыруға дағдыландыру – қоғамның дені сау азаматтарын қалыптастыруға жағдай жасайды делінген. Бүгінгі ашылып отырған кешен жас жеткіншектердің арманына қанат бітіріп, еліміздің абыройын асқақтатар даңқты спортшылар тәрбиелеуде мол септігін тигізіп, халық игілігіне қызмет етеді деп ойлаймын. Біз дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, ойдағыдай дайындықтардан өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Маңғыстау селосындағы 24 пәтерлі несиелік тұрғын үй құрылысы жүруде. Жобаның жалпы құны – 2 млрд. теңге. 12 үйдің құрылысын осы жылдың маусым айында аятау көзделіп отыр.