• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда ҚАЖ ауруларынан туындайтын өлім-жітім көрсеткіші 10,5%-ға төмендеді 07.02.2017

«Жүрек-қантамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын инфаркт пен инсульттан 17,1 млн. адам қайтыс болады. Ол көбінде жастар арасында кездеседі. Қауіптің негізгі факторлары дұрыс тамақтанбау, физикалық инерттілік, темекі мен ішімдікті қолдану болып табылады», - делінген хабарламада.

ҚР ДСМ Баспасөз қызметі хабарлағандай,  Қазақстанда жүрек-қантамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік мәні бар, елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 негізгі аурулар (оның ішінде миокардтың жіті инфаркті, инсульт бар) бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісін енгізілуде. 

Қазіргі таңда әрбір бағыт бойынша қызметтердің барлық түрлері көрсетіледі: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, мелициналық және әлеуметтік қызметтер.

Астана мен Алматы қалалары мен облыстық денсаулық сақтау ұйымдары мен республикалық және аймақтық медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін іске асыру жол картасының аясында шаралардың орындалуын бақылайтын 5 үйлестіру кеңесі құрылды.

«Миокардтың жіті инфаркті мен инсульттің алғашқы белгілері анықталған жағдайда медициналық көмек көрсетудің құрылымданған үлгісі ауыл амбулаториясы деңгейінен республикалық ұйымдар деңгейіне дейін аймақтандыру қағидасына негізделген. Бұл пациентке медициналық көмекті тиісті медициналық ұйымда қажетті деңгейде алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі медициналық ұйымдардың кадрларын оқыту мен медициналық жабдықтау бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде», - деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.   


Back to the list