• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Универсиада: Қазақстан медальдік  есеп бойынша екінші орында 31.01.2017

Қазақстандық спортшылар биатлоннан алтын және күміс  жеңіп алды Алматыда биатлоннан әйелдер арасындағы жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жолы олжалы оралды. Қазақстан қоржынына бірден екі медаль түсті.

Қазақстандық фристайлшы дуэт Жанбота Алдабергенов пен Бағлан Іңкәрбек Алматыда өтіп жатқан Универсиадада аралас командалық акробатика сайысы бойынша «алтын» жүлдені жеңіп алды

Әйелдер арасында 15 шақырымға жеке жарыста отандасымыз Алина Райкова қарсылдастарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Тағы бір қазақстандық спортшы Галина Вишневская екінші болып келіп, күміс жүлдеге ие болды. Украиналық Надежда Белкина үшінші орынға табан тіреді.

Төртінші және бесінші орын отандастарымыз Дарья Усанова және Елизавета Бельченкоға бұйырды.

 

 


Back to the list