• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Универсиада-2017 эстафетасы Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіледі (ФОТО) 17.01.2017

«Аталмыш шараның ерекшелігі   алғаш рет  елдің  16 қаласында өзіндік от жағудың өтуі. Ол Астанада  25 қаңтарда басталып,  26 қаңтарда –Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Қостанайда,  27 қаңтарда – Ақтөбе, Орал, Атыфрау, Ақтауда, 28 қаңтарда – Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорғанда  өтеді.  29 қаңтарда  әр өңірдің үздік студенттері Алматыда  Универсиада -2017-нің  басты  шырағын  жағады», - деді С.Қабдулин.

Айта кетейік, Алматыдағы қысқы Универсиадаға  59 елдің  2000 спортшысы қатысады. Жалпы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  543 медаль беріледі.

«Универсиаданы өткізу  кезеңінде  3 мың ерікті тартылады,   оның ішінде шетелдік азаматтар да бар.  Шараға  30 мың шетелдік азамат келеді деп күтілуде», - деді ол.

Универсиаданың ашылуына билет қалмай отыр.

«Универсиаданың билетінің  бағасына  келетін болсақ. Билет құны  300-ден  3500 теңге аралығын құрайды», - деді ол.

Астанадағы эстафетаға келетін болсақ, бекітілген бағытқа  сәйкес, шырақ Назарбаев Университетінен басталып,  қалалық әкімдік жанындағы ескі алаңға жеткізіледі. Оның ара-қашықтығы 12 км.

Айта кетейік, 2011 жылдың  29 қарашасында Брюссель қаласында FISU Халықаралық студенттік спорт федерациясының атқарушы комитеті өткізген дауыс беру қорытындысында 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындары Алматыда өтетіндігі шешілді.

Қайрат Жандыбаев

Сурет: :Азамата Әлиев


Back to the list