11.01.2017
«Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – біздің басты міндетіміздің бірі. Толығымен заманауи медициналық құралдармен жабдықталған мекеме соның айғағы. Алдағы уақытта ауданда халық саны көп шоғырланған 2 елдімекенде емхана құрылысы басталады. 13 ауылда фельдшерлік-акушерлік пунктін салу жоспарда бар. Мұның барлығы да ел игілігі үшін жасалады», – деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Тәулігіне 25 науқасты қабылдауға қабілетті дәрігерлік амбулаторияда 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыстық бюджет есебінен салынған нысанның жалпы құны – 158 млн 129 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын «Арнур строй» мекемесі жүргізіп, мерзімінде пайдалануға берді.
Бүгінде Келтемашат ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенде 4997 халық тұрса, Кершетас ауылында 1773 тұрғын бар. Ауданда өткен жылы 3 медициналық нысанның құрылысы жүріп, 3 нысан күрделі жөндеуден өткен. Айта кетейік, соңғы 25 жылда Түлкібас ауданында 24 денсаулық сақтау ғимараттары бой көтеріп, 32-сі күрделі жөндеуден өтті.
Осы күні Арыс ауылдық округі, Керейт ауылында дәл осындай дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді. Жалпы Арыс ауылдық округінде 3452 халық тұрса, оның 1812-сі Керейт тұрғыны.
Сонымен қатар өңір басшысы Т.Рысқұлов ауылында бой көтерген 5 қабатты 2 тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарға жаңа пәтер кілттерін табыс етті.
Былтыр іргетасы қаланған 64 пәтерлі тұрғын үйдің жалпы сметалық құны – 457 млн. 180 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын "Тамерлан корпорешн" ЖШС-і жүргізген. Ал, "Шұғыла 2002" ЖШС-і тұрғызған 32 пәтерлі екінші тұрғын үйдің құрылысына 227 млн. 921 мың теңге жұмсалған.
Бүгінге дейін Түлкібас ауданында 100 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне берілген. Алдағы уақытта ауданда 256 пәтер 5 ұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.