• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н. Әлібаев: ҚР-да 2017 жылға дәрілік заттарды сатып алу 94%-ға қамтамасыз етілген 20.12.2016

Оның айтуы бойынша, бүгінгі таңда өнімнің 30%-ы Бірыңғай дистрибьютор қоймаларына жеткізілген. Ол 2017 жылдан бастап «СҚ-Фармация» ЖШС үстеме ақы мөлшері 7%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Бұл дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға арналған бағаны төмендетуге, сәйкесінше, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ТМККК шеңберінде пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қамту ұлғаяды.  

«Сатып алу бағаларын төмендету мақсатында, «СҚ-Фармация» ЖШС екі кезеңді тендерлік рәсімдерді практикалайды. Бірінші кезеңде құжаттаманың сәйкестігіне тексеру жүргізіледі, міндетті талаптардың арасында – тіркеу және сертификаттау. Толық тексеруден өткеннен кейін ғана өтінімдері келесі кезеңге жіберілген барлық өнім берушілер бағаны төмендету аукционына қатысады», - деді Н. Әлібаев.

Оның айтуы бойынша, осындай тәсілдің арқасында компания 7 жыл ішінде сапаға зиян келтірмей, 55 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдеді.

«2017 жылға сатып алу кезінде алдын ала үнемдеу 11,7 млрд теңгені құрады», - деп қосты Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ ол 2017 жылға сатып алынған 906 препараттың ішінен 463-і (52%) Қазақстанда өндірілгенін атап өтті. Отандық өндірісті және кәсіпкерлік бастаманы қолдау – Бірыңғай дистрибьютордың басты бағыттарының бірі. 10 жылға ұзақ мерзімді жеткізу шарттары жасалуда. 


Back to the list