17.12.2016
ШҚО Ақпарат орталығы хабарлағандай, жаңа заманауи ғимарат спорттың ойын түрлеріне арналған залды, күреспен, фитнеспен, хореографиямен айналысуға арналған алаңдарды, тренажер залын қамтиды.
Спорт кешені базасында бір мезгілде 200 адам спортпен айналыса алады. Көрермендер залының сыйымдылығы 230-дан астам орынды құрайды. Мұнда баскетбол, волейбол, футбол ойнауға, жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар, тренажер кешені бар, көркем гимнастика бойынша сабақтар жүргізу жоспарлануда.
Ашылу күні спорт модулінде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Дәл осы уақытта шаңғыдан қалалық жарыс өтті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.