15.12.2016
Ақтөбе облысының әкімдігінде бауырларына қатты зақым келген ақтөбеліктерге медициналық көмек көрсетті. Трансплантация өмірді ұзартудың жалғыз жолы еді.
Ақтөбе облысында денсаулық сақтауды дамыту мен трансплантология бағдарламасы белсенді дамуда. Осы мақсатпен 2015 жылы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы Сеул Ұлттық Университетінің Госпиталімен меморандум орнатты.
Меморандум түзілген уақыттан бастап Оңтүстік Кореялық үздік хирурга-трансплантолог, профессор Кванг Вунг Ли, академик Жақсылық Досқалиев пен, Ұлттық ғылыми медициналық орталық хирургтерінің қатысуымен бауыр ауруына шалдыққандарға 5 ота жасалды.
Өз ісінің шеберлерімен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та кездесті.
«Жәрдемдеріңіз бен сапарларыңызға көп рақмет. Ақтөбеде бауырды трансплантациялау бойынша 5 ота және өкпені ауыстыру бойынша 17 ота жасалды», - деді Бердібек Сапарбаев.