• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада  әлемдік сарапшылар  бауыр ауруларын  емдеу мәселесін  талқылайды 13.12.2016

Күлпаш Қалиасқарова тап өткендей, қазіргі таңда Қазақстан С вирусты гепатитін жоюға бағытталған Ұлттық бағдарлама құруға қажеттілік туындап отыр. «Үстіміздегі жылдың маусым айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай әлемді С вирусты гепатитінен арылтуға бағыттаған ғаламдық бағдарлама қабылдады.

Осы кешенді мақсатты жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі ұсыныстарды алға қойды: осы індетті шалдыққандардың санын 2030 жылға қарай 90%-ға азайту үшін аурудың диагностикаланған жағдайын 90%-ға  ұлғайту»,- деді К.Қалиасқарова.                  

Қазіргі таңда Қазақстан вирусқа қарсы препараттардың спектрін кеңейтуде. Гепатологтар бауыр трансплантациясына науқастарды даярлауға қатысуда. Сондықтан конгресс барысында ғалымдар хирургия салысының мамандарымен бірге осы күрделі науқастарды жүргізудің заманға сай ережелерін талқылауды жоспарлап отыр.                                                                            

 «Еліміздің түкпір-түкпірінен бауырдың әр түрлі ауруларын емдеумен айналысатын дәрігерлер жиналады. Біз үшін мұндай кездесуілер - бір-бірімізбен және Америка, Англия, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Түркия, Венгрия, Армения, Ресей секілді елдерден келген мамандармен тәжірибе алмастыру мүмкіндігі»,- атап өтті профессор.                                                                      

 Қатысушылар: гастроэнтерологтар, инфекционисттер, терапевттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатрлар, хирургтер, трансплантологтер, балалар хирургы, онкологтар, эндоскописттер, сәулелік диагностика дәрігерлері.           


Back to the list