13.12.2016
Май аудандық орталық ауруханасының негізінде ашылған 30 орындық орталықтың тұсаукесері өтті. Медициналық мекемені техникамен жабдықтауға облыстық бюджеттен 50 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жаңадан ашыған орталық 40 адамды жұмыс орнымен қамтылды. Орталықтың салтанатты ашылуына қатысқан Павлодар облысының әкімі орталықтың ұжымына шағын автобустың кілтін сыйға тартты.
«Ең бастысы, бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар медициналық көмек қана алып қоймай, бір-бірімен сырласып, ақыл-кеңестерін айта алады. Облыс тұрғындарының 3%-ға жуығы тірек-қозғалыс аппаратының дертімен ауырады. Жаңадан ашылған орталықта олар оңалтудан өтіп, өздерін қоғамның толыққанды өкілдері ретінде сезіне алады», -деді Болат Бақауов.
Медициналық мекемеде бірнеше бөлімше бар. Тренажер залында көлденең магнитті велотренажер, арқаны көлденеңінен бүктеуге арналған тренажер, қолдар мен аяқтардың қозғалысын дамытуға арналған тренажер бар. Сонымен қатар, орталықта суасты созуға және омыртқаның гидромассажын жасауға арналған кешен де бар.
«Біз жасайтын ем-домның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдағы дені сау азаматтардың қатарын қосу болып табылады. Ең бастысы, олар ешкімнің көмегіне жүгінбей өз-өзіне қызмет көрсете алады», - деді орталықтың бас дәрігері Ерболат Нұрсейітов
Мүгедектер қоғамының төрағасы Григорий Четвериковтың айтуынша мұндай орталық аймағымыз үшін аса керек әрі оның болашағы да зор.