• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Семей қаласында спорт академиясы ашылды 12.12.2016

Жаңа академия құрамына осыған дейін жұмыс істеп тұрған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жекпе-жек залы мен 200 орындық интернат кірген. Академияға облыстың ауыл-аймақтарынан балалар іріктелініп алынып, дзюдо, самбо, грек-рим және еркін күрес сынды спорт түрлерімен жаттығатын болады. Ал оқу-жаттығу жұмыстарын Ресей, Моңғолия, Әзербайжан елдерінен келген білікті бапкерлер жүргізбек.

Академияның іріктеу жұмыстары оқу жылының басынан соңғына дейін жүргізіле береді. Тек 10-18 жас аралығындағы үміткерге қойылатын басты талап: облыстық, республикалық сайыстардың чемпионы немесе жүлдегері болу шарт.

Айта кетсек, тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстанда спортпен шұғылданатын халық саны артып, 30,3%-ға жеткен. Қазірдің өзінде аймақта 3149 спорт мекемесі, оның ішінде 30 дене шынықтыру және сауықтыру кешені жұмыс жасап тұр.


Back to the list