09.12.2016
2016 жылдың екінші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысында халыққа медициналық көмекті 114 ұйым көрсетті, одан 28 – аурухана. Әлеуметтік қызметті 18 ұйым көрсетті. Облыстағы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдарымен негізгі қызмет түрі бойынша орындалған қызмет көлемі 7584,3 млн теңгені құрады.
«Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында қызметке ақы төлеудің негізгі көзі бұрынғыдай бюджет қаражаты болып қалуда, ол жалпы қызмет көлемінің 90,2%-ын құрайды. Халық қаражатынан төленген қызмет үлесі 6,5%-ды құрады, кәсіпорындар қаражатына 3,3% келеді», - делінген хабарламада.
Қызметтердің ең үлкен көлемі ауруханалық ұйымдар қызметі есебінен қалыптасты, олар 3867,3 млн теңге (51%) сомасына қызмет көрсетті.
Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар үлесі 15,2%-ды, әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар – 11,1%-ды, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар – 10,6%-ды, адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметті жүргізетін ұйымдар – 8,7%, стоматологиялық қызмет көрсететін ұйымдар –3,4%-ды құрады.