02.12.2016
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде хабарлағандай, 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылға қажеттіліктен берілген өтінімдерден 95%-ы сатып алынды, ал қалған 5%-ы жылдың соңына дейін сатып алынады. Алдын ала үнемдеу 10 млрд теңгені құрады.
Барлығы 2017 жылға «СК Фармация» ЖШС республиканың 1115 медициналық ұйымы үшін 113,2 млрд теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алады. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жөнелтуін ағымдағы жылдың желтоқсан айында жүзеге асыруға дайын.
2017 жылға сатып алынған жалпы сомасы 30,4 млрд теңге болатын 896 препараттардың ішінен 462 (51,56 %) - қазақстандық өндірісі болып табылады. 2010 жылдан бері қазақстандық қамтудың көлемі 6 есеге артты, ал өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд теңгеге артты.
Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай дистрибьютор 15 қарашада ТМККК аясында дәрі-дәрмектердің ағымдағы жылға арналған жылдық қажеттілігін медициналық ұйымдарға жеткізуді 100% көлемінде мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.