02.12.2016
Қазақстанда соңғы 10 жылда ЖМК-ке қажеттіліктің артуы байқалады: 2015 жылы 4,6 млн шақырылымнан 2015 жылы 7 млн дейін.
Шақырылған жерге бригаданың тез келуін қамтамасыз етуде уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи талаптар мен стандарттарға сай жаңа медициналық жабдықтар мен аппаратуралар, автомобильдер мен реанимобильдер сатып алдынды.
Бүгінгі күнде ЖМК қызметінде 20 мыңнан аса адам қызмет етеді. Республика бойынша 24 дербес станциялар және 62 кіші станциялар жұмыс істейді, бір тәулікке 1300 бригада және автокөлік бірліктері жұмылдырылған.
Республикалық санитариялық авиация орталығымен ЖМК көліктерін бақылау және көрсеткіштерін мониторингілеу бірегей жүйесі жасалған, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен парамедиктерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттарын оқыту қажеттілігі анықталған, ЖМК қызметінің үйлестіру жүйесі жетілдірілуде (қалалық станциялар, ЖМК ауылдық пункттері).
Республика өңірлерінде халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін, кеңдігін және сапасын жақсарту мақсатында телемедицина жаңа моделінің тұжырымдамасы жасалды.
ЖМК және санитариялық авиацияның қызметкерлерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттары бойынша тәжірибелік дағдыларына оқыту үшін Республикалық санитариялық авиация базасында оқу-тренинг орталығы ашылған.