• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда  2016 жылға дәрілік заттарды жеткізуді аяқтады 15.11.2016

2016 жылы «СК-Фармация» ЖШС-і еліміздің 1115 денсаулық сақтау ұйымдарына барлығы 114 млрд. сомаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 958 атауын жеткізді. Оның ішінде: отандық өндірушілерден, соның ішінде ұзақ мерзімді шарттар бойынша- 25,2 млрд. теңгеге; тікелей шарттар бойынша шетелдік өндірушілерден аналогы жоқ препараттарды - 16,7 млрд. теңгеге; тендер шеңберінде 71,9 млрд. теңгеге сатып алынды.

Сондай ақ, мемлекет бюджетінің 5,4 млрд.теңгесі үнемделді. Бірыңғай дистрибютердің  7 жылдық қызметі барысында жалпы үнем - 41,9 млрд. теңгені құрады.

«СК-Фармация» ЖШС-ның тарихында тұңғыш рет 2017 жылдың тендерлері алдын ала өткізілді. Өнімдердің 90% бойынша жеткізушілермен келісім-шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жеткізілімін осы жылдың желтоқсанында жүзеге асыруға дайын.

Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканың жаңа әдістері енгізілді. Оның негізгі ерекшелігі – медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдың 15-не дейін жүзеге асыру.  


Back to the list