04.11.2016
Меморандумның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту болып табылады.
Қатысушылар ұйымдардың практикалық қызметіне диагностика мен емдеудің анағұрлым тиімді әдістерін енгізу бойынша жәрдемдесу; денсаулық сақтау, дәстүрлі қытай медицинасы және аралас бағыттар саласында қызметкерлерді оқытудың бірлескен жобаларын ұйымдастыру; медицина және басқа мамандармен алмасу бағыттары бойынша денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастық жасауды көздейді.
Сондай-ақ, шеберлік сабақтарын, ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда.