• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы меморандумдарға қол қойылды 03.11.2016

Шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияны ашқан Тамара Дүйсенова тәуелсіздік жылдары Қазақстанда өзіндік фармацевтикалық нарық қалыптасқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта отандық фармацевтикалық нарығы кеңес одағынан кейінгі кеңістіктегі ең тиімді дамып келе жатқан салалардың біріне айналды.

 Бұған ел экономикасының қарқынды дамуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назары ықпал етті. Соңғы 10 жылда Қазақстандағы фармацевтика нарығының көлемі 3 есеге ұлғайды және қазіргі уақытта 1,8 млрд. астам долларға жетті (2005 жылы - 465,3 млн. доллар)» - деді ол.

Министр халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

 «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қазақстандықтардың 2 млн астамы амбулаториялық деңгейде 49 әлеуметтік маңызды ауру түрлерінің 400-ден астам атаулары бойынша дәрі-дәрмектермен мемлекет есебінен қамтамасыз етілуде. 2015 жылы амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің қаржыландыру көлемі 85 миллиард теңгені құрады.

Өткен жылы дәрілік заттарды тиімді пайдалану үшін британдық сарапшылармен бірлесіп Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляры жасалып, енгізілді, оған клиникалық дәлелденген препараттар енгізілді»,-деді Тамара Дүйсенова.

2018 жылдан бастап фармацевтика саласында дәрілердің сапасына кепілдік беретін фармацевтикалық тәжірибелердің (GXP) стандарттары енгізіледі.

Шара соңында бірқатар меморандумдарға қол қойылды:

- ҚР ДСӘДМ және «Ново Нордиск А/С» (Дания) компаниясы арасында денсаулық сақтау саласындағы білім және тәжірибе алмасумен бөлісуді қамтитын ынтымақтастық жөнінде; меморандумға қол қойылды.

- «СК–Фармация» ЖШС және Түркияның дәрімен қамтамасыз ету агенттігі арасында дәрімен қамтамасыз ету саясаты саласындағы ынтымақтастық, фармацевтика өнімдерін қадағалау жүйесін іске асыру, мемлекетаралық дәрімен қамтамасыз ету ұлттық жүйе ерекшеліктері жөнінде ақпарат алмасу қарастырылған; меморандумға қолы қойылды.

- «ҚазМедТех» АҚ және «Philips» компаниясының ресейлік өкілдігі арасында ҚР денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникалармен жабдықтау және медициналық жабдықтардың сервистік қызмет көрсетуін дамытуды қарастыратын ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

 


Back to the list